ШҚО-да 4608 орындық 11 жатақхана ашу жоспарланып жатыр
Елбасының үшінші бастамасы: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» мақсатында ШҚО-да 4608 орындық 11 жатақхана ашу жоспарда бар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Құрылыстардың жер телімі анықталып қойды. Жобаға облыс бюджетінен 50 млн теңге бөлініп отыр, – дей келе Даниал Ахметов, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына жобаның дайындық жұмыстарын аяқтауды тапсырды.
Облыста қосымша білім беру бағытына ерекше көңіл бөлініп келеді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында жас ұрпақтың ғылыми-зерттеу және өндірістік-технологиялық ортада жемісті бірігуі үшін барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балаларға арналған технопарктер мен бизнес-инкубаторлар құру қажеттілігі туралы айтқан еді.
Осы орайда ШҚО әкімі Даниал Ахметов арнайы тапсырма берді.
-Облыс әкімінің орынбасары және Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омарға Өскемен қаласында балалар технопаркін құру туралы тұжырыдама әзірлеп, сәйкес ұсыныстарды әкімдікке енгізуді тапсырамын, - деді аймақ басшысы тамыз конференциясының отырысында.
Мадина Қайнарова
Оразай Жеңісұлы