KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

Өскеменде тыныс алу жолдарының аурулары 7, 7 пайызға өскені байқалады

5.06.2018, 03:48 207

Өскемендегі  ауаның ластануы мен оның адам денсаулығына  байланысын Өскемен қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының мамандары  14 жылдан бері зерттеп келеді, деп хабарлайды алтайньюс тілшісі.


Ақпараттар тұрғындардың денсаулық сақтау ұйымдарына алғаш рет келуі туралы деректерді күнделікті жәнеай сайын алу, сосын оларды өңдеу арқылы жинақталады. Өскемен қаласындағы 11медициналық мекеме зерттеу нысаны болып табылады.  Ал ауаның ластануы жөніндегі ақпаратар «Казгидромет»кәсіпорнының  мамандарынан алынады.


- 2013- 2017 жылдар аралығында күкіртті ангидрид пен зат алмасу жүйесі, қатерлі ісік, тері және тері асты жасушылары аурулары арасындағы корреляциялық байланыстың төмендегені, азот диоксидінің  тыныс алу жолдары ауруларына кері әсері  төмендегені аталып өткен. Алайда, азот диоксидінің зат алмасу жүйесі ауруларына, формальдегидтің тыныс алу жолдары ауруларына кері әсері артқаны байқалады, - дейді қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының бас  маманы Фарида Баймақанова.


Сонымен қатар мамандар өскемендіктердің аурушаңдығы 2013 жылмен салыстырғанда  100 мың тұрғынға шаққанда 4,5%-ға артқанын жасырмайды. Оның ішінде асқорыту органдарының аурулары 43, 7%, несеп-зәр шығару жүйесінің аурулары 29, 4%, тері және тері асты жасушылары аурулары 24%, заталмасу жүйесі аурулары 18,9%, қан және қан түзейтін органдар аурулары 14,5%,қан айналымы аурулары 12, 5 %, тыныс алу жолдары аурулары 7, 7%-ға өскені байқалады. Онкологиялық дерттер  18%-ға кеміген.


- Мамандардың зерттеулер жүргізетін бірнеше әдістемесі бар,алайда, ауаның ластануының денсаулыққа кері әсерін  анықтайтын, Қазақстанда бекітілген бірыңғай әдістеме болуы керек. Бұл бағытта Ресейдің ғылыми орталықтарының тәжірибесіне сүйенуге де болар еді. Жағдайдың нақты картинасы толық болу үшін зерттеулер тұрғындардың жасына, жыл мезгіліне және басқа да көптеген сыртқы әсерлерге қатысты бөлімдермен толығуы керек , - дейді Экологиялық қауіпсіздік орталығының директоры  Геннадий Корешков.


Қазіргі уақытта Өскемен қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының мамандары облыстық Қоғамдық кеңестің атынан Денсаулық сақтау министрлігіне тұрғындардың денсаулығы мен ауаның арасындағы байланысты анықтайтын Әдістемені жасау жөнінде хат дайындап жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив