KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Шәкәрімнің 160 жылдығында аламан бәйге өтіп, балуандар белдесті

18.08.2018, 08:38 120

Ұлы ойшыл, ақын  Шәкәрім Құдайбердіұлының мерейтой шаралары Қарауыл төбеде жалғасып, ат жарыс басталды. «Жорға» Қарауыл ауылынан қатысқан Майдан Мұқановтың қара жорғасы 1-інші орын алды. Оған мотоцикл табыс етілді. Ал, Өскемен қаласынан келген Айбар Бошаевтың Күрең жорғасы 2-інші орынды иеленді. Ол сый ретінде тоңазытқыш алды. Үшінші орынға Новошульбадан келген Александр Подкарытовтың боз жорғасы шықты, ол қанжығасына теледидар байлады.


«Топ» бәйгеге келсек, Шемонайха ауданының Сергей Глужков 1-інші орынға шықса, 2-інші орынға Катон-Қарағай ауданынан Нұрсайын Шыңғыс, 3-інші орынға Абай ауданы Тоқтамыс ауылынан Шаған Оразалин шықты. Оларға да тиісінше мотоцикл, тоңазытқыш,теледидар және басқа да марапаттар табыс етілді.


«Аламан» бәйгеде оқ бойы оза шапқан Аягөз ауданы, Бозой ауылының шабандозы Мейрамбек Бердібаевтың баптаған атына жете алатын жүйрік болмады. Ол бас бәйге  автокөлікке ие болды. Ал, сонау Қарағанды облысы Қарқаралы ауданынан аламан деп ат бәйгесіне қатысуға асыға алып-ұшып жеткен Жақып Санжардың аты 2-інші келді. Мәреге үшінші боп Самар ауданынан «Талап» қожалығының шабандозы жетсе, төртінші боп Абай ауданы, Медеу ауылынан Зекен Шаймардановтың аты келді. Бесінші орынға Мейрамбек Шәкеновтың аты жетті. Барлығы мотоцикл, тоңазытқыш, теледидар, кір жуғыш машина сияқты бағалы сыйлықтармен және Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына белсене атсалысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.


Қазақ күресіне келсек, Қызылорда облысынан келген жауырыны жерге тимеген балуан Еламан Ералиев бас бәйгені алып, «Түйе балуан» атанды. Ол 500 мың теңгеге ие болды. Екінші орынға Абай ауданынан Айбек Нұғымаров шығып белдесіп, оған 300 мың теңге сый-сыяпат табыс етілді. Ал үшінші орынға Қызылорда облысынан Мақсат Исағабылов көтерілді, қанжығасына 200 мың теңге байлады.




 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив