KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1 м/с, Ю
478.96 533.03 5.22

Аламан бәйгені асыға күтті

19.10.2017, 12:53 195

Семей ипподромында Шығыс қазақстан облысы мен Павлодар облыстарына арналған ат жарыс өтті. Семей қаласы, Павлодар облысы, Бесқарағай, Аягөз, Үржар, Абай, Катон-Қарағай аудандары бойынша 20 сәйгүлік иелері жарысып, бақ сынасты. Халық әсіресе аламан бәйгені асыға күтті.


-Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы бойынша, біз туған жерімізді қадірлеп, қастерлеуіміз керек, бүгінгі жастарға ұлттық ат спорты ойынының бізге ата-бабамыздан қалған дәстүр екендігін түсіндіргеніміз абзал,-деді Қазақстан инновациялық университетінің президенті,экономика ғылымдарының докторы, профессор Нәдірбек Әпсалямов.


Додалы шарада шабандоздарымыз 20 шақырымдық аламан бәйге, 12,5 шақырымдық топ бәйге мен 3,2 шақырымдық жорға жарыста сынға түсті. Күн ашық, дала жылы болды. Алғашқы жарыста 3,2 шақырымнан Саша Белый есімді шабандоз өзінің Харьковский деген жорғасымен бірінші орынды иеленді. Ат баптаушысы Әлібек Қызырбек, Үржар ауданының Таскескен ауылынан екен. Ал топ бәйгеден 12,5 шақырымды жүріп өткен Қатон-Қарағайлық Тайжирен алдыға озды, шабандозы Ерназ Оралбеков, семейлік Lady Gold жылқысы да шашау жұқтырмады. Абайлық Диамир Батырхан өзінің Фаворит атымен топ бәйгенің үшінші аты болып келді. Ал 20 шақырымдық аламан бәйгеде Сұлтан бейбарыс есімді шабандозымен Дрогбе атты тұлпар, Павлодар облысының даңқын асырып, алдыға оза шапса, одан кейін үржарлық Бөрте, ал үшінші орында Бесқарағай ауданынан Камилла келді. Барлық шабандоздар мен ат иелері Шәкірм университетінің ректоры Мейір Ескендіровтен марапат қағаздар, медальдер және бағалы сый-сыяпаттар алды. Бәйгені көріп, бір жасап қалған семейліктер мен қала қонақтарының қуанышында шек болмады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив