KZ
Өскемен
+23°
небольшой дождь жел 3 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Аягөзде механизаторлар мен әскери атқыш мамандар тапшы

17.08.2018, 05:13 216

Аягөз ауданында еңбекке қабілетті тұрғындарды жұмыспен қамту және өз кәсібін таба алмай жүрген жандарға арналған дәстүрлі бос жұмыс орындары мен лауазымды қызметтер жәрмеңкесі өтті.


Мақсат - жұмыс іздеп жүрген аудан тұрғындарына кәсіпорындар мен мекемелердегі бос жұмыс орындарын ұсынып, жұмыссыздарға бағыт көрсету. Өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуына ықпал ету.


Жәрмеңкеде аудандағы 8 мекеме өздеріне қажетті 32 бос жұмыс орындарын ұсынды. Олар келушілерге өздеріндегі бос орындар туралы мағлұмат беріп, қойылатын талаптарды түсіндірді. Жәрмеңкеде әсіресе медицина саласының қызметкерлері, механизатор,   күзет ведомствосы саласындағы әскери атқыштар сынды мамандарға тапшылық анықталды. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер де әртүрлі жұмыс атқаратын адамдарға өз ұсыныстарын білдірді.


Жалпы жыл басынан бері аудан бойынша 2584 адам жұмыспен қамтылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив