KZ
Өскемен
+24°
ясно жел 4 м/с, СБ
481.19 538.45 5.18

ШҚО Семей қаласында өткен бос орындар жәрмеңкесіне 90-нан астам жұмыс беруші кәсіпорын қатысты

13.03.2013, 18:00 180


Семей қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» мекемесінде жылдағы дәстүрге сай бос жұмыс орындары мен қызметтер, уақытша жұмыс орындары, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Орталық мекемесінің директоры Тұрсынбек Шинжиннің айтуынша, жәрмеңкеге 90-нан астам жұмыс беруші кәсіпорын қатысқан. Орталықтың ұйытқы болуымен қайта даярлықтан өтіп, мамандық таңдағандарды сұраныс тудыратын талаптарға сай оқытуға көңіл бөліне бастапты.

Бос орындар жәрмеңкесінде жұмыс іздегендердің назарына «Жұмағалиева» ЖК, «Қаражыра ЛТД», «Джеса-Семей» ЖШС-лері кондитер, автокраншы, дәнекерлеуші, слесарь мамандықтары бойынша жұмыс орындарын ұсынды.

Жәрмеңкеде Т ұрсынбек Шинжин ауылды жерлердегі шаруа қожалықтарынан да сұраныс түсуіне байланысты ауылшаруашылығы саласы бойынша да мамандықтар (мал дәрігері, фельдшер) қарастырылып, қайта оқыту бағыттары жүріп жатқандығын айтты. Сонымен бірге, қала тұрғындарының да ауылдан жер алып, өз кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік беріліп отырғандығынан хабардар етті. Мәселен, алған жеріне үй салуды көздегендер он пайыздық шығынын өзі төлеген соң қалған 90 пайыз қажеттілікті Үкімет көмегімен түгендей алады.

Ал, қажетті маман немесе жұмысшы керек болса «Жұмыспен қамту орталығымен» жасалған келісім –шарт өз жемісін бермек.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив