Түркияның футбол клубы ойыншылардың орнына ешкі сатып алды
Түркиялық «Гулспор» клубы жастар құрамасының 18 ойыншысын сатып, олардың орнына он шақты ешкі сатып алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Twitter желісіндегі Tribune Dergi аккаунтына жазылған.
Дереккөз мәліметінше, клуб басшылығы сүт сатып, бес мың түркиялық лира (727,8 еуро) табыс таппақшы. Түскен табыстың барлығы клубтың шығындарына жұмсалатын көрінеді. «Гулспор» президенті Кэнан Бьюклебеб «CNN» арнасына берген сұхбатында, бұл әрекетке команда үшін барғанын айтады.
– Бізде мол табыс табатын боламыз. Команда үшін істедік, бір жағынан елге де пайдамыз тиеді, – деген еді ол.
18 футболшыны сатудан 15 мың лира, яғни 2,2 мың еуро табыс түскен. Айта кетейік, «Гулспор» Түркияның төменгі дивизиондарында өнер көрсететін командалардың бірі.