Ертіс жағалауы тазаланды – Өскемен
Шығыс өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында басталған тазалық жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Бүгін Өскемен жастары Ертіс өзенінің жағалауын тазалады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Іс-шараға еріктілер, студенттер белсене қатысты. Тазалық жұмыстарына жұмыла кіріскен жастар жағалауды сүзіп шығып, қырық қаптай қоқыс жинады.
«Бүгін қоғамға пайдалы істің басы-қасында болдық. Өскемендіктердің сүйікті демалыс орны – Ертіс жағалауын тазалауға үлес қосқанымыз үшін қуаныштымыз», - деді жастар.
Оқи отырыңыз