KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 4 м/с, СБ
443.35 475.54 4.82

ШҚО-да қала мектептеріне қарағанда ауылдағы білімнің сапасы жоғары

14.08.2018, 05:03 118

Аппараттық кеңесте облыс әкімі әдеттегідей білім сапасына да айрықша назар аударып, оқушыларға сапалы білім беруде айтарлықтай шаруа тындырылғанын атап өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бірыңғай ұлттық тестілеуде алға жылжушылық бар. Мысалы, Зырян ауданында орта көрсеткіш былтыр 82 балл болса, биыл 87-ден асқан. IT-сыныптар ашу бойынша осы шілде айында мұғалімдер өздері оқып келді. Енді елімізде бірінші болып біздің өңірде қыркүйекте екі жүзден астам IT-сыныптар жұмысын бастамақ. Елімізде 11 балаға бір компьютерден келсе, біздің облыста көрсеткіш 7 бала.


– Білім саласына жүргізілген сараптама былтырғыдай нәтиже көрсетіп, қала мектептеріне қарағанда ауылды жерлерде білім сапасы жоғары екендігін көрсетіп отыр. Нақты мысал, республика бойынша ең жоғары балл алған төрт баланың екеуі біздің өңірде, дәлірек айтсақ Аягөз ауданында. Бұл өте жақсы көрсеткіш. «Менің мектебім» жобасы сәтті жүзеге асырылды, барлық кабинеттер әкелінді, енді оны соңына дейін жеткізу керек, - деген аймақ басшысы Даниал Ахметов керісінше Риддер қаласында, Шемонаиха, Бесқарағай, Бородулиха аудандарында ҰБТ-ға қатысу көрсеткіші төмендеп кеткенін, білім бөлімдері нашар оқитын оқушыларды бөліп тастайтындығын, сол үшін енді аудан басшыларынан жеке-жеке есеп сұралатынын жеткізді.


Аймақ басшысы жалпы алғанда облыстық білім басқармасының жұмысына көңілі толатынын, берілген тапсырмаларды уақытында орындап келе жатқанын айтып, ұстаздардың алдағы тамыз жиынында айтылатын жетістіктер жетерлік екенін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив