ШҚО-да мектеп бітіруші ҰБТ-дан 3-ақ ұпай жинаған
Ұлттық бірыңғай тестілеудің қортындысын жазғанбыз өткенде. Облыс бойынша. Бүгін соған қатысты тағы бір мәлімет белгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Өңірде ең көп балл алған төрт түлек бар екен. Төртеуінің де ұпай саны 137-ден». Бұл сол кездегі мақаланың мәтіні болатын. Ал ендеше ең аз ұпай қанша?
– Биыл облыс бойынша тіркелген ең аз нәтиже – 3 ұпай, – дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Байжанова.
Айта кетейік, осы жолғы тестілеуде, облыс көлемінде, шпаргалка немесе басқа да жабдықтармен ұсталған бір де бір бала болмаған екен.
Оқи отырыңыз