KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 4 м/с, З
441.58 480 4.86

Жармалық кәсіпкер ауылдағы мұқтаж адамдарға 1 млн теңгенің керек-жарағын сатып алып берді

6.08.2018, 09:08 130

«Көршіңе көмектес!» акциясы аясында Жарма ауданы, Жаңғызтөбе кентіндегі «Жаңғызтөбе мұнай өнімдері» ЖШС-нің басшысы Мауытхан Абдрахмановтың бастамасымен әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға жалпы сомасы 1 млн. теңге болатын демеушілік көмек көрсетілді.


Атап айтқанда, оларға қажетті тұрмыстық техникалар мен азық-түлік басқа да заттар сыйға тартылды. Аталған шара аясында Жаңғызтөбе  кенті бойынша тұрмысы төмен, жалғызбасты жандар мен көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілді.


Сонымен қатар, аталған кәсіпорын басшылығы кент аумағында орналасқан білім беру мекемелеріне, оларда өтетін әртүрлі шараларға үнемі демеушілік қолдау танытып келеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив