KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Білім беру гранттарын бөлуге қатыса аламыз

3.08.2018, 06:23 90

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, қарапайым тұрғындарға конкурстық комиссияның  жоо мен колледждерге түсу кезіндегі жұмысына қатысуға мүмкіндік беріп отыр. Нақтырақ айтқанда, білім беру гранттарын бөлуге тәуелсіз бақылаушы ретінде қатысуға болады.


Ол үшін қазақстандықтар Аггентіктің сәйкес аумақтық департаментімен мессенджер және әлеуметтік желілер арқылы хабарласу қажет.


Конкурстық процедураларға агенттіктің мониторингтік топтарының мүшелері белсенді түрде қатысады. Топтың құрамына қоғамдық өмірдің түрлі салаларындағы сарапшылар кіреді екен. Атап айтсақ, азаматтық қоғам өкілдері, әлеуетті жұмыс берушілер – кәсіпкерлер, ғалымдар, жоо оқытушылары, журналисттер мен блогерлер.


Агенттікте бұл жаңашыл бастаманың  білім саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізетініне сенімді.


[caption id="attachment_37449" align="alignnone" width="756"] Агенттіктің әлеуметтік желілердегі және мессенджердегі байланыс деректері[/caption]

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив