Күршімге жеткізілген көмір бір демде сатылып кетіп жатыр
Күршім ауданы Құйған айлағына әкелінген бастапқы 2157 тонна бір демде сатылып кеткен. Тоннасы 15 мың теңгеден сатылған көмірден алған күршімдіктер үйлеріне түсіріп, қораларына кіргізіп те алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Биыл бюджеттік мекемелер үшін барлығы 6480 т көмірге тапсырыс жасалса, оның 3500 тоннасы «Күршім» КМК, 2230 тоннасы білім беру мекемелері үшін, 750 тонна денсаулық сақтау мекемелері үшін қажет. Ал аудан тұрғындары жылы үйде, көмірден қысылмай қыстан қамсыз шығулары үшін 25 мың тонна көмір керек.
Аудандық сәулет, қала құрылысы, жолаушы көлігі жәнеавтомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы Жанболат Жәлімханұлы:
- «Ертіс транс» ЖШС-мен жасалған келісім-шарт бойынш атамыз айында білім беру ошақтарына көмір тасымалы басталады. Ал денсаулық сақтау мекемелеріне қажетті көмірді келісім бойынша «SAK VOYAGE - 30» ЖШС міндетіне алды. Ал ағаш отын қажеттілігі бар медициналық көмек көрсету орындарын 35 текше ағашпен «Марқа-Ком» жеке кәсіпкерлігі 30-тамызға дейін қамтамасыз етуі тиіс.
«Күршім» КМК-нына тиесілі қара отынды «Қаражыра» АҚ 20млн. 143 мың теңгені игеріп, Бұқтырма айлағына дейін жеткізсе, одан бері Құйған айлағына дейін «Ертіс транс» ЖШС тасымалдап, ақысына 11 млн. 723 мың теңгені игеріп, жеткізіп беруді мойнына алған. Жоспар бойынша тамыз айында 1 мың тонна,қыркүйек айында 1500 т, қазан айында таңы 1 мың тонна Құйған ауылы іргесіндегі айлаққа баржа арқылы жеткізіледі деп күтілуде,-дейді.
Біз ауыл тұрғындарын сөзге тартып, жылыту маусымына қалай қамдануда екендіктерін сұрастырдық.
Мақсат Дүсіпов, шаруа, Жаңаауыл ауылының тұрғыны: - Біз жыл сайын көмірді Зайсаннан үйге дейін әкеліп беретін жеке кәсіпкерлерден аламыз. Былтыр тоннасын 16 мың теңгеден 5 тонна сатыпалдық. 10 мың теңгеге билет алып, 4текше метр отындық ағаш дайындап алдық. Соңғы 5-6 жылдан бері қатты аяздарда қосымша электр жылыту қазандығын қосамыз. Көмірдің сапасына айтар ешқандай сыным жоқ.