KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 4,7 м/с, ОШ
442.84 480.97 5

Қазақ-өзбек кәсіпкерлері бірлескен жобаларды қолға алуды жоспарлап отыр

1.08.2018, 07:43 213

Облыс әкімінің міндетін атқарушы Ерлан Аймұқашев ӨзбекстанРеспубликасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаевты қабылдады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-саттық пен туризм саласын дамыту жөнінде кеңінен талқыланды. Өз кезегінде Ерлан Аймұқашев Шығыс Қазақстаннның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінен хабар беріп, бұл кездесу мемлекетаралық байланыстың заңды жалғасы екенін атады.


Басқосуда сөз алған Өзбекстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев екі ел арасындағы тауар айналымын 2020 жылға дейін бес миллиардқа дейін жеткізуді жоспарлап отырғандарын атап өтті.


– Шығысқазақстандықтармен бірге туризм саласы бойынша бірлескен жобаларды іске асыруды көздеп отырмыз. Сондай-ақ биыл күзде қазақ пен өзбек кәсіпкерлерінің басын қосып, аймақаралық форум өткіземіз. Онда екі елдің экономикасын дамыту мақсатында қолға алынатын ірі жобалар талқыланады. Оған Қазақстан мен Өзбекстанның  түкпір-түкпірінен белді кәсіпкерлер жиналады, - деді Саидикрам Ниязходжаев.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив