KZ
Өскемен
+15°
переменная облачность жел 1 м/с, С
471.83 505.66 5.4

Әміре Қашаубаевқа қатысты тың дерек табылды

16.07.2018, 11:58 130

Бұл туралы Ақбұлақ ауылында өткен «Ән атасы - Әміре» дәстүрлі орындаушылардың республикалық фестивалінде белгілі музыка зерттеушісі, ғалым Жарқын Шәкәрім мәлім етті.


- Жақында Парижден тағы бір құжат табылды. Онда Әміре туралы Францияның белгілі композиторы, музыка зерттеушісі Поль Ле Флем газетте ой білдіріпті: «Мынау бір қызық дүние екен. Сонау Азиядан келген әншінің шығармашылығы мені өзіне баурап алатынын ойламаппын. Тыңдап отырып, көзім алдыма бүкіл ата-бабамның ғұмыры елестеді. Бұл таң қаларлық құбылыс. Қазақтың әні бойыма қайтадан жан кіргізгендей» деп, жазған екен, - деген ҚР еңбек сіңірген қайраткері, бұл жаңалықты сенсация ретінде қабылдағанын жасырмады.


Белгілі ғалым, танымал музыкантардың Әміреге мұндай бағаны беруі тектен-тек емес екендігін айтты. Өйткені Қашаубаевтың дауыс диапазоны ешбір халықта кездеспейтін ерекше тембрлі болған көрінеді.


- Әміренің дауысы, итальяндық Энрико Каррузо, американдық Марио Ланца және орыстың әйгілі опера әншісі Федор Шаляпиндікінен кем түспеген. 1974 жылы Мәскеуде , Әміренің фонографқа жазылған дауысын тапқанда, оның есімі жоғарыда аталған тұлғалардың арасында бірінші тұрды. Сол кезде қатты таң қалдым. Сөйтсе оның дауысында ғажап бір үн бар екен. Әміренің дарындылығына Луначарский, Затаевич сынды өнер қайраткерлері сүйсінген, - деп нақтылады Жарқын Шәкәрім.


Әміре Қашаубаев – қазақтың дәстүрлі әнін шыңырау биікке жеткізген ұлттық өнердің феномені. Биыл дала саңлағының туғанына тура 130 жыл толды. Әміренің ұлт тарихында алар орны ерек. Жаһан жұртына қазақты алғаш танытқанда осы Әміре Қашаубаев. 1925 жылы Парижде өткен дүниежүзілік «Экспо» көрмесінде оның талантына бас имеген адам кемд-кем. Алаш ұлын тіпті әлемдік мәдениеттің көрнекті өкілдері Ромен Роллан және Анри Барбюсте мойындап, бұрын-соңды мұндай саф өнерді кезіктірмегенін тілге тиек еткен.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив