KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Өскеменнің балы, Риддердің сүті, Зырянның балығы үздік атанды

7.07.2018, 05:14 170

«Қазақстанның үздік тауарлары» республикалық көрме конкурсының облыстық кезеңінде аймақтың әр өңіріндегі тоғыз кәсіпорынның өнімі үздік деп танылды.


Көрме конкурстың қорытындысында Өскемендегі «Пасека» шаруа қожалығының балы, Риддердегі «Milkom» кәсіпорынының сүт өнімдері, Зырян ауданындағы «Гранд Фиш»тің балығы «Үздік азық түлік өнімдері» аталымының жеңімпаздары болып танылды.


«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымында «Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты», Семейдегі «Терра Вита» ЖШС, «Силикат» ЖШС ның өнімдері конкурс талаптарына жауап беріп, әділқазылар талғамынан шыққан екен.


Өскемендегі «Өскемен ДСП орталығы», Семейдегі «Булуктханова И.Н» ЖК, «Роза пима- киіз комбинаты» өнімдері «Халыққа арналған үздік тауарлар өнімдері» аталымы бойынша үздік деп бағаланып, жүлдеге ие болды.


Жүлдегерлерге естелік статуэтка мен ақшалай сыйлық табысталды. Өңіріміздің ең үздік тауарлары биыл Астанада өтетін республикалық конкурсқа қатыспақ.


Көрме конкурста «Ақтұмар-2015», «Төретоғам», «Арыстанбек Үржар», «Ақмет», «Isnar», «Першина А.В» кәсіпорындары мен жеке кәсіпкерліктері ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив