KZ
Өскемен
+4°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Семейдегі электронды билет жобасы қаншалықты тиімді?

29.06.2018, 04:44 150

2019 жылдың қаңтар айында Семейдің қоғамдық көлігінің иелігіне байланысты нақты тендер өтеді, деп хабарлады баспасөз мәслихаты барысында қала басшысы Ермак Сәлімов. Себебі, қоғамдық көлік тасымалы қызметіндегілер өздерінің автобустарын жаңартып, электронды билеттендіру жүйесін дұрыс жолға қойулары керек.


-Электронды билеттендіру дегенді дұрыс түсініңіздер,-деді қала әкімі Ермак Сәлімов,-бұл қоғамдық көліктің кіріс бөлігіне аса пайдалы. Біз кіріс-шығысымызды нақты анықтайтын боламыз. Сол кезде автобус билетінің құны көтеріле ме, қала бюджетінен демеуқаржы бөлеміз бе, міне осының барлығын қараймыз.


Баспасөз мәслихатына қатысушы қала әкімінің орынбасары Николай Ушаковтың айтуынша, Семейде электронды билет түрін енгізуді олар Белоруссияның Минск, Ресейдің Барнаул, Бийск қалаларынан байқаған екен. Яғни бұл  аса тиімді жоба болып тұр.


-Біз үлкен, орта, шағын автобустарды қала іші тасымалына, жолаушылардың өтініші бойынша кіргіземіз,-деді Ермак Бидахметұлы,-лизинг бойынша ыңғайлы, жеңіл несиелеу жолын қарастырмақпыз. Десе де, біз әлі де Қазақстаннның Даму Банкімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Келісімшарт аяқталған соң, тасымал мәселесіне көңіл бөлеміз. Міне, осыларға орай қоғамдық көлік тендерін алты айға шегердік. Нақты тендер тамыз айында биыл өтуі тиіс еді, бірақ желтоқсанға орай шаруаларымыз ыңғайланып, тек 2019 жылдың қаңтарында ғана тендерді өткіземіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив