KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
488.45 529.19 5.04

Семейдің көшелері жөнделіп жатыр

29.06.2018, 03:14 124

Облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен Семей бойынша  «2018-2020 жылдарға арналған менің аулам» бағдарламасы қабылданды. Биыл көп қабатты тұрғын үйлердің маңындағы он екі ауланы абаттандыруға қалалық бюджеттен 611 миллион теңге бөлінген. Жұмыстар енді ғана басталды,деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


-Семейдің көшелерін және аулаларды аббаттандырып, гүлдендіріп, көріктендіруге қалалық бюджеттен 1 милиард 196 миллион теңге бөлінді,-деді қала әкімі Ермак Бидахметұлы,-бұл жұмысты күн сайын қадағалап отырмыз. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қаланың әр жерлерінде 11 спорттық алаң салыну жоспарланған. Оған 90 миллон теңге қаражат берлді. Әсіресе қала тұрғындары арасында қолдау тапқан Абай алаңын жөндеуге 87 миллион теңге бөлінуі өте құптарлық болды.


Семей қаласы әкімінің баспасөз мәслихаты барысында таратқан деректеріне сүйенсек, мәселен, көптеген жылдары бойы жөнделмеген Әсет Найманбев көшесі ағымдағы жөндеуден өтуде. Сонымен қатар автокөліктер көп жүретін Тәңірбергенов, Титова, Орманды, Қабанбай батыр, Аймауытов тағы басқа көшелер жөнделуде. Қазіргі уақытта 36 көше жолдары ағымдағы жөндеуден өтті.

Жалпы кездесу барысында қала әкімі журналистердің қойған барлық сауалдарына жауап беріп, жыл басынан бері қаланың экономикалық дамуында оң өзгерістер қалыптасып отырғандығын айтты, кейбір сауалдардың жауабын журналистермен бірге қарастыратындығын жеткізді. Мәселен, алдағы уақытта автобус қозғалысы, жер асты өткелдерінің тазалығы бірігіп шыққан рейдтерде қарастырылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив