KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 0,4 м/с, СБ
478.16 534.92 5.18

Пара алды деп айыпталған семейлік шенеунік жұмыстан кетуге арыз жазды

27.06.2018, 07:40 145

Пара алды деген айып таңылған Семей қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Марат Аленов жұмыстан босату туралы арыз жазыпты. Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов осы жайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Әкімнің айтуынша, Марат Аленов жұмыстан босатылдым екен деп, жазадан жалтара алмайды.


– Баршаға мәлім, Марат Аленовтің үстінен ағаш шабуға рұқсат беріп, пара алғаны туралы іс қозғалған. Ол осы оқиғадан соң жұмыстан кетуге арыз жазды. Бір қызығы, ізінше тағы екі адам жұмыстан кетіп отыр. Екеуі де осы осы бөлімнің қызметкерлері. Қазіргі уақытта аталмыш бөлімді және тұрғын үй инспекциясын толықтай тексеріп шығу үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамында депутаттар корпусы да бар, – дейді Ермак Сәлімов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив