KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Семейде тасқын судан зардап шеккендер жаңа пәтер алды

23.06.2018, 06:11 212

Семейде тасқын судан зардап тартқан тұрғындар «Жас Алаш» көшесінен жаңа қос пәтер алды. Отағасы Марат Зайкеновтың айтуы бойынша Шүлбі су қоймасынан су артығымен жіберіліп, оған еріген қар суы қосылып, Ертіс тасыған кезде Пристандағы жер үйі 23 наурыз күні 12.00 де бір-екі минуттың ішінде су астында қалған. Таксимен жеткен ол балаларды сыртқа шығарып, құжаттарын жүгіріп алуға ғана шамасы келеді. Киім кешек, азық-түліккті алуға мүмкін болмайды.


-Үйім жөндеуге мүлде келмейді,-деді Марат Зайкенов,- Өзім құрылысшымын ғой. Ешбір мүмкіндік жоқ екендігін көріп, неде болса Семейдегі Юность кентінен Үкімет қаражаты арқылы пәтер сатып алуды жөн көрдім. Дәл бүгінгі уақытқа дейін «Семей» қонақүйінде тұрып келдім.


Зайкеновтар мен Жұмаділовтер отбасының алған қос пәтеріне облыстық, қалалық мәслихат депутаттары Қайрат Мирашев пен Альбина Ахметовалар сый-сыяпат шашуларын жасады. Депутат Қайрат Мирашев осы суға кеткен Пристань ауданы бойынша сайланғандықтан зардап тартқан тұрғындарды толығмен назарда ұстап отырған көрінеді. Қала әкімі Ермак Сәлімовтың айтуынша, Жұмаділовтер мен Зайкеновтер отбасы өздері осы ауданды тұруға таңдап алған. Жұмаділовтер екі бөлмелі пәтерге, Зайкеновтер үш бөлмелі пәтерге ие болыпты. Оларға пәтерлерінің кілтін қала әкімі Ермак Сәлімов арнайы салтанатпен табыстады. Дегенмен жаңа қоныстанушылардың киім-кешек, азық-түлік, дүние мүлік, тұрмыстық техникалары да суға кеткендіктен осы жағынан да көмек болса деп үміттенеді олар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив