KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 4 м/с, С
482.86 533.17 5.08

Семейде қан тамырлары ТМД көлемінде кездеспейтін тәсілмен емделеді

22.06.2018, 08:44 265

Семейде құрсақ аортасы аневризмасын эндопротездеуде тың әдіс қолданылды. Атап айтқанда семейлік ақ халаттылар стент-графтты импланттауда, алғаш рет көмірқышқыл газды пайдаланған. Бұл суда ерігіш заттегілерден қарағанда әлдеқайда тиімді болып саналады. Айта кетейік аталмыш тәсіл ТМД көлемінде тұңғыш рет Семейде іске асты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


«Мұның қандай пайдасы бар?» - десеңіз, әдетте қан тамырлары хирургиясында құрамында йод заттегісі бар препараттар қолданылады. Оның ағзаға кері әсер беру қаупі жоқ емес. Әсіресе бұл бүйрек жетіспеушілігінде қатты байқалатын көрінеді. Міне соның баламасы ретінде аймақ мамандары, көмірқышқыл газға таңдау беріпті. Тиімділігі сол, одан ешбір аллергиялық қауіп туындамайды екен. Сол сияқты оның қолданыстағы препараттардан айырмашылығыда жоқ. Аталмыш санаттағы заттегілер, анатомиялық және ағзаның ішкі құрылымдарын рентгенографиялық қондырғыдан көруге пайдаланылатынын атап өткен орынды. Ота Семей қаласының Мемлекеттік медицина университеті, университеттік госпитальдің рентген-хирургтері Ерсін Сабитов және Бауыржан Азизовтің жетекшілігімен өтті. Замануи әдіс CO2 инжекторының көмегімен жүргізіліпті. Осы мақсатта «Angiodroid» компаниясының инженері Андреа Сакр Бекетора арнайы шақыртылған. Мамандар медициналық көмірқышқыл газ, қан тамырларын емдеуде көп мүмкіндіктеге жол ашатанын атады. Және де оның адам ағзасына зиян келтірмейтінін нақтылай өтті.


«Қазір науқастың жағдайы қалыпты. Операция жоспарлы болған. Алдағы уақытта осы тәсілді тұрақты түрде енгізу қарастырылуда. Бұған дейін осыған ұқсас ота Павлодар қаласында да өткен еді. Алайда көмірқышқыл газдың көмегімен стен-графты орнатуды университет госпиталі бірінші болып қолға алды», - деп атап өтті Семей қаласының ММУ баспасөз қызметі.


Айта кеткен жөн, бұл ота 2016-2019 жылдарға бағытталған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив