KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Зырян ауданында жас жігіттер үйлерді тонаған

19.06.2018, 06:16 81

20 жасар жігіттер бір миллион 400 мың теңгенің затын қолды қылған.


Нақтырақ айтсақ, бұл зыряндық екі азамат мамыр айынан бері сегіз мәрте ұрлыққа түскен. Сонда негізінен электр құралдарын алыпты. Қалай алған дейсіз ғой. Тым-тым оңай. Күршегі ғана ілулі қақпалар мен ашық-шашық қалған есіктердің «арқасында».


Олардың ұрлығын әшкере қылған Зырян аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлірінің айтуынша, жергілікті тұрғындарға бір миллион 400 мың теңге көлемінде шығын келіпті. Тұрғындарға дүние-мүлкіне сақтықпен қарап, бағалы заттар сақталған жерлерді құлыптап жүруді ескертеді тәртіп сақшылары.


Иә, бұл оқиғадан кейін «сақтансаң– сақтаймын» дейтін әлгі тәмсілдің ойға оралары анық. Ал мұны жай ғана ойлап қоймаған жөн негізі...

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив