Тайынтыдағы республикалық суретшілер жиыны басталып кетті
Қазақстанның əр облысынан келген кəсіби суретшілер Көктауда плэнерлік жұмыстарын бастады.
"Алтай - Қазақстанның" інжу-маржаны" атты республикалық плэнерде "Қазақ елі" монументінің авторы Сембіғали Смағұл сынды белгілі суретшілер этюдтер жазып жатыр.
- Қарсы беттегі таудың арғы бетінде Қасым Қайсеновтей тұлғаның туған жері екен. Қасиетті жердеміз. Осындай жердің табиғатын кенепке түсіру бір бақыт, - дейді Сембіғали Смағұл.
Плэнерде жүрген кəсіби суретшілер 8 маусымда жас суретшілерге де шеберлік сағаттарын өткізеді. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өтіп жатқан плэнер осы айдың 14-і күні аяқталады.
Оқи отырыңыз