KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
488.45 529.19 5.04

Шығыстағы Тайынты көлінің жағасына әйгілі суретшілер келе жатыр

27.05.2018, 08:27 200

4-13 маусым аралығында Шығыс Қазақстанда республикалық пленэр өтеді. Оған еліміздің алты қаласы – Алматы, Павлодар, Қарағанды, Шымкент, Өскемен және Семейден суретшілер қатыспақ.


Экспозициялық-көрмелік сектор маманы Лариса Мартынованың айтуынша, облысымызға келген суретшілер Төменгі Тайынты және Шыбынды көлге, «Көктау» демалыс базасына жеткізіледі. Олар осы жерде этюдтермен жұмыс істеп, мастер-класс өткізеді.


-Біз бұрын да Абай ауданындағы Еңлік-Кебек үңгірінің жанында пленэр ұйымдастырған едік. Ол кезде суретшілер этюдтердің негізінде сюжеттік жұмыстары орындаған болатын. Ал осы жолы біз этюдтер көрмесін ұйымдастырамыз, - дейді Лариса Мартынова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив