KZ
Өскемен
пасмурно жел 1 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Семейде жабық пәтерден бір тәулікте екі бала құтқарылды

25.05.2018, 05:16 141

Екі оқиғада да кішкене балалар есікті ішкі жағынан өздері жауып алып, ата-аналарын әбігерге салған.


Құтқару операциялары көппәтерлі үйлерде өтті. Екі операцияның арасы бірнеше сағат қана. Құтқарушыларға құлыпты бұзумен қатар, альпинистік жабдықтарды да қолдануға тура келді.


Физкультурная көшесінің бойындағы үйде анасы аз ғана уақытқа баспалдақ алаңына шығып кеткен. Сол арада үш жасар ұлы есікті ішінен бекітіп алады. Анасы есікті қайта ашуға сәбиін көндіре алмаған екен.


-Бала қамалып қалған пәтер алтыншы қабатта орналасқан. Жан-жақты зерттеп, бақылап көрген соң, есіктің құлпын бұзуға бел будық, - дейді аға құтқарушы Медет Кәрімжанов.


Ал Бөгембаұлы көшесіндегі жағдай бұдан күрделірек әрекетті талап етті. Мұнда екі жасар бала ағасы дүкенге кеткенде, есікті жауып алған. Пәтер сегізінші қабатта орналасқан. Сондықтан құтқарушылар альпинистік жабдықтармен тоғызыншы қабаттың балконынан төменге түскен.


Жыл басынан бері  облыста 43 оқиға тіркеліп, жабық пәтерден 55 адам құтқарылған екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив