KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Өскеменге екі ретро трамвай әкелінетін болды

23.05.2018, 09:10 93

Бұл туралы  Өскемендегі трамвай паркінде болып, жаңадан құрылған «Өскемен қаласының көлік компаниясы» ЖШС-нің алғашқы жұмыс қарқынымен жете танысқан облыс әкімі Даниал Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Осыған дейін бірқатар басылымдар мен әлеуметтік желілерде «Өскеменге ескі трамвайларды несіне әкелген, ескінің қажеті қанша?» деген сыңайда материалдар жарық көрді. Байыппен салыстырып, көрсек бұлар біздің ескілерден әлдеқайда жаңа әрі сапалы және оны арзан бағаға сатып алдық. Тіпті, қайырымдылық акциясы деуге де болады. Бұрын қалада не-бәрі алты ғана трамвай жүрді. Ал мұндағы мамандар жаздың соңына қарай 25 трамвайды рельске шығарамыз деп отыр. Осының бәрі өскемендіктердің игілігі үшін жасалып жатқан шаруалар. Сондай-ақ, мен Алматыда болғанымда, олардан екі ретро трамвай жіберуді сұрадым. Олар да ескінің көзіндей жәдігер болып, көз алдымызда жүретін болады, — деді облыс әкімі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив