KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Алакөлде туристерге арналған ақпараттық орталық ашылды

23.05.2018, 05:24 171

Аталмыш орталықтың кеңесшілерінен демалушылар барлық қажетті ақпаратты ала алады. Ол өз жұмысын жаңа туристік маусымнан бастамақ.


-Жағалауға келген адам жергілікті базалар, қонақүйлер, тамақтану орындары турады тегін ақпарат ала алады, - дейді ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев. – Бірақ, ең маңыздысы, Алакөлдің емдік қасиеті, оның суының қандай сырқаттарға пайдалы екені туралы ақпарат беріледі.


Сондай-ақ, туристерге бір терезе қағидасы бойынша толық қызметтер кешені көрсетіледі. Алдағы уақытта мұндай ақпараттық орталықтарды ШҚО-ның барлық туристік аймақтарында ашу жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив