KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 2 м/с, Ю
482.86 533.17 5.08

Өскеменде бүгін екінші адам көшеде кенеттен көз жұмды

18.05.2018, 10:46 195

Өскеменде аялдамада тұрған ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бүгін түс мезгілінде «102» нөміріне автобус аялдамасында ер адамның жансыз жатқаны туралы дабыл түскен. Облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, оқиға орнына жеткен Өскемен қаласының ішкі істер басқармасының жедел іздестіру тобы марқұмның аяқ астынан естен танғанын анықтаған.


Кездейсоқ куәгерлер жедел жәрдем шақырғанымен, 78 жастағы ер адам көп ұзамай көз жұмған. Оқиға Абай даңғылының бойында орналасқан  «Темірлан» сауда үйінің алдындағы аялдамада болған.


«Алғашқы мәліметтер бойынша оқиғадан қылмыстың ізі байқалмады. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр» - делінген департаменттің мәліметінде.


Еске сала кетейік, кеше Өскеменнің Орджоникидзе көшесіндегі аялдамада 57 жастағы ер адам кенет көз жұмған болатын.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив