KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2,5 м/с, ОШ
464.72 496.32 5.4

Жарма ауданында жігіттердің төресі анықталды

17.05.2018, 09:17 124

Қалбатау ауылында «Жігіт сұлтаны-2018» аудандық байқауы ұйымдастырылды. Сайыс елорда Астананың 20 жылдығы мен ауданның 90 жылдық мерейтойына арналды.


Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған байқауға ауданның барлық ауылдық округтері мен кенттерінен кіл мықты саңлақтар жиналған екен. Барлығының мақсаты бір – «Жігіт сұлтаны» атағына қол жеткізу. Әйтсе де бұл мәртебе тек таңдаулы ұланға бұйырды.



Ер Жәнібек пен Ақтайлақ бидің ұрпақтары барын салды. Бірі батыр бабаларындай күшімен таң қалдырса, енді бірі Ақтайлақ би әрі Қалихан Алтынбаев сынды әйгілі жармалықтардай шешендігімен, сондай-ақ суырып салмалық өнерімен тамсандырды. Бой жарыстырумен қатар, ой жарыстырған жігіттердің қабілетін әділ қазылар жоғары бағалады. Көрермендердің де ықыласы ерекше болды. Дей тұрғанымен бас жүлдеге қалбатаулық Аслан Бекбосынов лайық деп танылып, «Жігіт сұлтаны - 2018» байқауының жеңімпазы атанды. Бұдан басқа сайысқа белсенді қатысқан өзге де үміткерлер алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив