KZ
Өскемен
-20°
плотный туман Штиль
499.11 521.12 5.58

«Таза Өскеменнің» жұмысы түнде қызады

20.06.2024, 20:10 127 Нұржан Кенжеұлы

Қала шырт ұйқыда жатқанда, коммуналдық қызметтердің жұмысы қызады. «Таза Өскемен» мекемесінің мамандары шаһар көшелерін санитарлық тазалықта ұстай отырып, тәулік бойы кезекшілік жүргізеді.

Белгілі болғандай, коммуналдық шаруашылық қызметкерлері қала тұрғындарына қолайсыздық туғызбау әрі еңбек тиімділігін арттыру мақсатында жұмыстарының негізгі көлемін түнде орындайды екен.

– Қала ұйықтап жатқанда, біздің мамандар тынымсыз еңбек етеді. Ондағы мақсат – ұйқыдан оянған қала тұрғындары мен қонақтарына таза көшелермен жүріп, күтілген қоғамдық орындарда демалуына жағдай жасау, – деп түсіндірді кәсіпорын өкілдері.

Түнгі мезгілде кәсіпорын жұмысшылары жолдар мен тротуарларды заманауи машиналардың көмегімен жуады. Бұл қаладағы шаң-тозаң мен кір деңгейін төмендету үшін қажет. Сонымен қатар тәуліктің қараңғы уақытында қалалық гүлзарлар мен жасыл желектерді суару жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ «Таза Өскемен» мамандары таңғы уақытта қаладағы қоғамдық орындарды тазалауда дәстүрге айналдырған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу