Зайсан қаласында ғимарат отқа оранды (видео)
Фото: ШҚО ТЖД
Кеше Зайсан қаласында жеке тұрған ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше өрт Ибраев көшесінде болған. Өрт электр желісін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан шыққан. Ғимараттың төбесі отқа оранған. Үй ішінде болған адамдар далаға өз бетінше шығып үлгерген.
Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД және Зайсан орман шаруашылығы қызметкерлері мен құтқарушыларының көмегімен 1200 шаршы метр аумақты жалмаған қызыл жалын толық жойылды. зардап шеккендер жоқ.
«Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар. Өрт немесе жану белгілерін (түтін, күйік иісі, жоғары температура) байқасаңыз, дереу 01 немесе 112 телефондарына хабарласыңыз, - ШҚО ТЖД мамандары.
Оқи отырыңыз