KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
486.65 524.46 5.05

Telegram бүкіл әлем бойынша жұмыс істемей қалды

29.04.2018, 06:45 121

 Telegram қолданушылары сервердің қызып кетуіне байланысты әлеуметтік желінің жұмыс істеуінде қиындықтарға тап болуда. Бұл жөнінде Павел Дуров өзінің Твиттердегі парақшасында мәлімдеді.


«Telegram серверлері кластерлерінің жаппай қызып кетуіне байланысты алдағы бірнеше сағат бойы еуропалық пайдаланушылар үшін әлеуметтік желіге қосылуда біршама қиындықтар болуы мүмкін», - деп жазды ол.

Downdetector сервисі пайдаланушылардың 41 проценті желіге қосыла алмай отырғанын тіркеген. Ал 35 проценті хабарлама жолдау және алуда қиындық туындағанын, 21 проценті өз парақшаларына кіре алмай отырғанын хабарлаған.


Сол сияқты, Еуропа тұрғындары Мысыр, Кувейт, орталық америкалық Сальвадорда Telegram «құлағанын» мәлімдеген. Аталған әлеуметтік желі Қазақстан мен Ресейде де жұмыс істемей тұр.



 


Дерек көзі


Baq.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив