KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Дәрігерді үйге Telegram арқылы шақыртуға болады

25.07.2018, 04:49 210

Еліміздің Денсаулық министрлігі @EgovKzBot арқылы жүзеге асырылатын үш жаңа қызмет түрін іске қосты.


«Оның көмегімен емханаға тіркелумен қатар, дәрігердің қабылдауына жазылуға және медицина қызметкерін үйге шақыртуға да болады», - деп көрсетілген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.


Ол үшін «Азаматтардың мобильдік базасына» тіркеліп, өзіңіздің гаджет жабдығыңыз арқылы Telegram мессенджерінде ботты қосу керек. Сондай-ақ, @EgovKzBot арқылы мекен-жай анықтамасын, сотталмаған туралы анықтаманы, жылжымайтын мүліктің болуы не жоқ екені туралы анықтама және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық туралы анықтамаларды да ала аласыздар. Одан бөлек, базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы ақпаратты сұратуға және әлеуметтік мәртебеңізді тексеруге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив