KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
440.9 475.95 4.82

Семейде әскери міндетін орындаған сарбаздарды шығарып салу рәсімі өтті

27.04.2018, 08:52 170

Семейде ҚР «Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы» Заңы бойынша белгіленген мерзімді өтеп болған 54770 әскери бөлімінің сарбаздарын запасқа шығару салтанаты өтті. Әрбір сәтті тағатсыздана күткен сарбаздар үшін бұл ерекше күн болып саналды.


Салтанатты рәсімге Семей қаласының №37 мектеп-гимназиясында құрылған «Намыс» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Құрман Тыштыбаев пен Қарулы Күштер ардагері, запастағы подполковник Виталий Беленко қатысып сөз сөйледі.


-Бір жыл көзді ашып-жұмғанша өте шықты,-деп өз ойымен бөлісті,-бірақ аз уақыт ішінде көп нәрсені үйрендік, үлкен сынақтардан өттік. Әскер біз үшін адамды толығымен әр қырынан ашатын үлкен мектеп. Барлық әскери қызметшілерге сарбаздардың атынан шексіз алғысымызды білдіреміз. Қарулы Күштеріміз дами берсін, жауынгерлік дайындықта жоғары көрсеткіштер тілеймін, - дейді ефрейтор Бақтыбек Аязбаев.

Ең шешуші сәт сап түзеген мерзімді қызмет сарбаздарының алдында бөлім жеке құрамы, одан кейін сарбаздар қарышты қадамдарымен салтанатты шерумен жүріп өтті.


-Әскер деген үлкен өмір жолынан өткен нағыз азаматтарымызға біз де өз тарапымыздан ақ жол тілейміз,-деді әскери қызметкер Сымбат Смайыл,-Отанымыз-Қазақстанның өркендеп дамуына олар арығарай да үлес қосады деген сенімдеміз. Ал, Қарулы Күштердің қатары жалынды, намысты жастармен толыға берсін. Айбынды әскеріміздің абыройы асқақатай берсін дегім келеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив