KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 2 м/с, З
479.05 534.57 5.17

ШҚО-да 11 мұғалім ағылшын тілінің халықаралық тренері сертификатын иеленді

27.04.2018, 06:30 161

ШҚО бір реттік сыйақы алатын ұстаздар қатарын арттырмақ. Бұл туралы тапсырманы әкімдік отырысында Даниал Ахметов берді. Айта кету керек, 11 шығысқазақстандық ағылшын тілі пәнінің мұғалімі CELTA сынағында жоғары нәтиже көрсетіп, халықаралық дәрежедегі оқытушы атанды.      


 Өткен жылы Өскемен, Семей, Риддер қалалары және Зырян, Бородулиха аудандарының 12 мұғаліміне 800 мың теңгеге дейін бір реттік сыйақы тағайындалған еді. Облыстық бюджеттен ол үшін 5,9 миллион теңге бөлінді.


Өткен жылы 2430 қазақ, орыс және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімі оқудан өтті. 2016 жылы үздік нәтиже көрсеткен 21 ағылшын тілі оқытушыларының 11-і CELTA сертификатын алды. Аталған құжат ШҚО мұғалімдеріне халықаралық деңгейдегі тренер болуға мүмкіндік береді әрі тіл тасымалдаушысымен тең дәрежеге шығарады.


Халықаралық ТКТ емтиханында базалық және қарапайым деңгей көрсеткен 400 мұғалім 144 сағат оқыту курстарынан өтеді. Оларды халықаралық CELTA сертификатын алған 11 мұғалім мен ағылшын тілін және әдістемесін жоғары деңгейде меңгерген 16 ұстаз оқытатын болады. Оқыту үрдісі жер-жерде тегін өтеді. – деді Әсем Нүсіпова баяндамасында.

Соңғы 2 жыл бойы төмен көрсеткіш көрсетіп келе жатқан мұғалімдерге қатаң, яғни, еңбек келісімшартын бұзу шарасы қолданылады. Жалпы, Шығыс Қазақстан 2019 жылға дейін үштілді оқытуды енгізу бойынша пилоттық облыс есебінде қызмет етеді.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив