KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Ұлттық ұлан Өскеменде бұзақыларды құрықтады

26.04.2018, 09:40 170

Өткен түнде Өскемендегі Гагарин бульварында Ұлттық ұлан қызметкерлерінің қатысуымен жанжал орын алды. Ересек адамдармен қатар балалар да оқиғаның куәгері болды. Оқиға балалар ойын алаңына қарама-қарсы жерде болған.



- Кеше шамамен кешкі алтыда Өскемен ІІД-не Ворошилов көшесінде топтық төбелес орын алғаны жайында хабарлама келіп түсті. Бұған дейін ҰҰ «Дозор-10» әскери жасағының кіші сержанты Тасқын Ниязхановқа 1975 жылғы Денис Лебедев көмекке жүгінген болатын. Ол төрт бұзақы оны ұрып, белгісіз бағытта қашып кеткендігі жөнінде айтты. Бағыттама бойынша әскери жасақ құрамындағы басшы кіші сержант Тасқын Ниязханов, қатардағы жауынгер Мирасхан Ерханов пен Саят Біләл төрт бұзақыны Гагарин бульварындағы 6-шы үйдің жанында құрықтады. Жәбірленуші ұрып кеткен жігіттер осылар екенін растағаннан кейін, оларҮлбі полиция бөлімшесіне жеткізілді. Енді олар ҚР Қылмыстық Кодексінің 293 бабы 2-бөлігіне сәйкес, заң алдында жауап береді, - деп хабарлады ҚР Ұлттық Ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелді .

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив