KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Зырян ауданындағы су басқан бірқатар үйлердің құжаттары жоқ

26.04.2018, 05:35 125

ШҚО әкімі бүгін Зырян қаласы мен Малеев ауылына барып, су тасқынының салдарын жоюға қатысты жұмыс барысымен танысуда.



Аудан бойынша барлығы 298 үй жөнделу керек. Алайда 99 үйдің құжаты жоқ екен, сондықтан олар  «Парыз» қайырымдылық қоры арқылы жөнделетін болады.



Жөндеуге жарамсыз үйлердің саны 58, оның ішінде 11 үйдің тағы құжаты жоқ екен. Аймақ басшысы Даниал Ахметов үйдің құжаттарын қалпына келтіруге тапсырма берді.


Сондай-ақ, облыс әкімі су басқан үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компаниялардың басшыларымен кездесу өткізіп, оларға сапаға баса мән беруді тапсырды.



Облыстық бюджеттен ауданға 150 млн теңге аударылған, енді сол қаржы игерілетін болады.


Аймақ басшысы сонымен қатар ауылдардағы қоқыстарды тазарту мен қаша-қоршауларды жөндеуді тапсырып отыр. Бұл жұмыстарды тұрғындар өздері атқаруға тиіс.


Енді 3 мамырда Даниал Ахметов ауданға тағы іс-сапармен келіп, су басқан Зубовка ауылының тұрғындарымен кездесу өткізетінін мәлімдеді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив