KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

ШҚО-дағы тұрақтандыру қорының көкөністері мамыр айына дейін жетеді

20.04.2018, 10:13 187

Тұрақтандыру қорының өнімдері облыста көкөніс бағасының шарықтамауына ықпал етіп отыр. Облыс тұрғындары да көкөністерді дүкеннен гөрі, тұрақтандыру қорының дүңгіршектерінен алуды жөн көреді.


Қазір облыста тұрақтандыру қорының 108 дүңгіршегі жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, меморандум аясында қор өнімдерінің бағасына 10 пайыздан артық үстеме қоспай сататын сауда орындары тағы бар.


«Ертіс ӘКК» басқарма төрағасы Антон Крамаренконың айтуынша, облыстық тұрақтандыру қорына өткен жылы көкөністің бес түрінің жеті жарым мың тоннасы жиналған. Бүгінгі күнге дейін қоймадағы өнімдердің 80 пайызы сатылды. Дегенмен, мамыр айына дейін жететін қор бар. Облыс тұрғындары мамырдың соңына дейін көкөністің бес түрін 75 және 83 теңгеден сатып ала алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив