KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 9 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

X-Factor жобасының кастингтері 18 сәуірде Өскеменнен басталады!

17.04.2018, 09:36 89

Бойында табиғи дарыны бар, өнер жолына түскісі келетін таланттарды іздеп-табатын X Factor телевизиялық шоуының Қазақстандағы жетінші маусымы өз жұмысын бастады. Аты аңызға айналған шоудың жетінші маусымын елдің ең рейтингілі арнасы – Еуразия бірінші арнасы көрсетпекші. Екі мыңыншы жылдардың орта шенінде реалити-шоу элементтері бар вокалдық байқау Қазақстандық телевизияда төңкеріс жасап, жаңашылдық әкелген болатын.


Бүгінде өткен маусымнан кейін арадағы 2 жылдық үзілістен соң X Factor байқауы қатысушыларға қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Байқаудың жаңа талаптары жастарға жаңа мүмкіндіктер ұсынады! Осылайша өз бағын сынайтын қатысушылардың жасы 16-дан 12-ге төмендетілді! Қатысушылардың ең жоғары жасы бойынша X Factor жобасының жалпы әлемдік ережелеріне сәйкес, шектеу қойылмайды. Мұнан басқа, қатысушылар Қазақстанның әрбір қалаларында өтетін тыңдалымға қатыса алмаса, бейнеөтінімді х-factor.kz сайты арқылы жібере алады. Биылғы маусымның қазылар алқасы мен тәлімгерлері:


Нағима Есқалиева – Қазақстан Республикасының Халық әртісі, кеңестік және қазақстандық эстрада әншісі. Нұрберген Махамбетов – радиожүргізуші, диджей. Ділнәз Ахмадиева – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші.


Кастинг-топ жолға шықты! Қазақстандағы Х Factor-2018 деген атауға ие ауқымды телевизиялық жобаның кастингтері даңқы Өскемен қаласынан басталмақ!


Өскемен қаласындағы тыңдалым сәрсенбі 18 сәуір күні сағат 10.00 мен 19.00 аралығында «Мега» ойын-сауық кешенінде (Киров к., 31) өтеді. Қатысушылар өздерімен бірге жеке куәліктерін әкелсе жетіп жатыр. Ал кәмелетке толмаған өнерпаздардың ата-аналарымен, сондай-ақ құжаттарының түпнұсқаларымен келгені жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив