KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 9 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Семейлік әнші жігіттің өнеріне Нағима Есқалиева жоғары баға берді

23.01.2013, 18:00 106


Қазақстандағы танымал «Х-factor» жобасының осы маусымдағы іріктеу туры Семей қаласында өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл мүмкіндікті өнерге жақын семейліктер жіберіп алмауға тырысып бақты. Жолы болғандар іріктеу турынан да өтті. Олардың арасында Семей қалалық зағиптар қоғамы клубының меңгерушісі Марат Әлиасқаров бар. Көз жанарынан айырылған жас жігіт өмірге деген құштарлығын жоғалтпаған. Ол қиындыққа мойымай, қоғамның әр саласында өз күшін сынап көруде.

Марат зағиптар қоғамы жанындағы көркемөнерпаздар клубына 11 жылдан бері жетекшілік етіп келеді. Ол осы жерде зайыбы Шынармен бірге ән салады. Марат бала кезінен көз жанарынан айырылып қалғанымен өмірдің бар қызығын көруге тырысады. Оның отбасы, екі қызы бар. Марат музыка мектебінің түлегі, университетті тәмамдаған, қазір ағылшын тілін үйреніп жүр.

Жуықта осы сүйкімді жігіт бүкіл Қазақстанға әйгілі болды. «Х-factor» жобасына қатысқан ол іріктеу тобынан қиналмай өтті. Бұған дейін 39 жастағы Марат өзін үлкен сахнада ән айтамын деп мүлде ойламаған еді. Ол өзін осы кастингке қатысуға көндірген әріптестері мен достарына алғысы шексіз екенін айтады.

Марат Әлиасқаров қазылар мен көрермендердің есінде бірден қалды. Алдымен өзінің тағдыры арқылы. Ал одан кейін ол ән шырқай жөнелгенде оның сиқырлы үні көпшілікті баулап алды. Қазылар алқасының үш мүшесі де «иә» деп дауыс берді. Ал Нағима Есқалиева болса Марат қазақтың Стиви Уандері болуға әбден лайық деп санайды.

- Біз үшін бұл үлкен қуаныш. Марат біздің мұңдасымыз,- дейді Семей қалалық зағиптар қоғамы басқармасының мүшесі Клара Құсайынова. – Жанары көрмейтін жандар үшін бір нәрсеге қол жеткізу өте қиын. Ал Марат сол асуды ала білді. Ол екі жоғары білім алып, үлкен сахнаға шықты.

- Әрине, мен мүмкіндігі шектеулі жандардың бізде үлкен жетістіктерге жеткенін көргем жоқ. Ол арман ғана ғой, - дейді Мараттың өзі.

Раушан Мусина

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив