KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Семейде шетелдік ұстаздар студенттерге ағылшын тілін тегін оқытуда

17.04.2018, 06:07 172

Семей қаласындағы физика –математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті арасындағы әріптестік байланыс орнағалы көп уақыт өтті. Өңіріміздегі іргелі білім ошақтарының қол қойған екіжақты меморандумының аясында Зияткерлік мектепте еңбек етуші шетелдік ұстаздар университеттің физика, химия, биология, информатика факультеттері студенттерінің ағылшын тілін жетілдіруге көмектесіп жүр.


Жаратылыстану және математика факультетінің деканы Гүлназ Берікханова:


 - Бұл біздің студенттер үшін үлкен мүмкіндік. Өйткені, бүгінгі таңда ешбір жерде ағылшын тілі курстары тегін оқытылмайды. Ал шаһарымыздағы Зияткерлік мектеп ұжымының көмегінің арқасында біз өзіміздің ең таңдаулы деген 16 студентімізді іріктеп алып, білікті маманнан дәріс алуға жол ашып отырмыз.

Студенттерге Назарбаев Зияткерлік мектебі тарапынан беріліп отырған көмек алғашқы рет емес. Бұған дейінде аталған оқу орнының бір топ жастары дәл осылай оқытылып, солардың арасынан сынақты сәтті тапсырғандары Зияткерлік мектепке мұғалім болып қабылданған.


- Біз осы арқылы болашақ білікті кадрларды даярлауды мақсат етеміз. Мектебіміз үш тілде білім беретіндіктен, ұстаздарымыздың ағылшын тілін жақсы білуі біз үшін маңызды. Дәріске қатысушы 16 студент - физика, химия, биология, информатика пәндерінен ағылшын тілінде сабақ беретін болашақ мұғалімдер. Біз оларды оқытып қана қоймай, мектебімізден өндірістік іс –тәжірибеден өтулеріне де жағдай жасаймыз. Дегенмен жас мамандарды мектепке қабылдау жалпыға ортақ белгіленген ереже бойынша жүргізілетін болады, - дейді Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Бағдан Қайыржанов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив