KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,8 м/с, В
478.93 534.96 5.16

ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жаңа басшы тағайындалды

11.04.2018, 09:24 105

Облыс әкімі Даниал Ахметов облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ұжымына басқарманың жаңа басшысы Мұрат Мұсатаевты таныстырды. Ол бұған дейін облыстық жолаушы көлігі және автокөлік жолдары басқармасына басшылық жасаған болатын.


– Бүгін Сіздерге менің өкіміммен тағайындалған басқарманың жаңа басшысын таныстыруға арнайы келіп отырмын. Ол әр жылдарда жауапты үлкен қызметтер атқарған. Өндірісте, экономика саласында мол тәжірибе жинақтаған, саяси білімі жоғары. Сондықтан да осындай шешім қабылдадым. Өздеріңіз білесіздер, ұзақ уақыт бұл басқарманың жұмысын бір жүйеге келтіре алмадық, нәтижелі тиімді жұмыс болмады. Басқарманың жұмысына сын көп айтылды. Атқарылған жұмыстар менің көңілімнен шықпады. Енді сол олқылықтардың орнын Мұрат Хабдылжаппарұлы толтырады, басқарманың жұмысын лайықты алға жүргізеді деп сенім білдіремін. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының жұмысын түбегейлі өзгерту қажет.   Ал Сіздер жаңа басшымен бірге ортақ міндеттерді бірлесіп шешіңіздер, жүзеге асырыңыздар, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

 



 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив