KZ
Өскемен
+18°
небольшой дождь жел 3 м/с, В
471.83 505.66 5.4

«Altay athletics» спортшысы Прагада жүлдеге ілікті

9.04.2018, 07:29 202

«Altay athletics» кәсіби жеңіл атлетика клубының мүшесі, кениялық Каролин Кипкируи Прага қаласындағы Sportisimo Prague Half Marathon-2018 марафонында мәре сызығына екінші болып кесті, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.


Негізінен орта және ұзақ қашықтықтарға жүгіретін Каролин Прагадағы бәсекеде жарыс жолын 1 сағат 6 минут 9 секундта еңсерді.


Айта кетейік, IAAF Road Race Gold Label лейблына ие осынау дәстүрлі марафонға 11 500-ге жуық спортшы қатысып келеді.


Естеріңізге салайық, «Altay athletics» кәсіби спорттық жеңіл атлетика клубы өткен жылдың ортасында облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен құрылған болатын. Елімізде баламасы жоқ бұл клубтың сапында бүгінде Олимпиада ойындарының чемпионы Ольга Рыпакова мен бірқатар дарынды жас спортшы өнер көрсетуде. Олардың қатарында легионерлер де бар. Солардың бірі – осы Каролин Кипкируи.


Жалпы, Каролин үшін бұл «Altay athletics» спортшысы ретіндегі алғашқы жүлдесі емес екенін айта кеткен орынды. Былтырғы Гаухар лигада кениялық желаяқ бес мың метрлік қашықтықты 14:27:55 уақытта жүгіріп өтіп, жүлделі екінші орынға ие болған-ды.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив