KZ
Өскемен
+30°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

ШҚО-дағы «Altayathletics» клубының спортшысы «Гаухар лига» кезеңінде топ жарды

6.05.2018, 08:37 310

Шығысқазақстандық «Altay athletics» кәсіби жеңіл атлетика клубының өкілі Каролин Кипкируи Катар астанасы Дохада өткен биылғы «Гаухар лига» жарысының алғашқы кезеңінде жеңіс тұғырынан көрінді.


Біздің спортшы үш мың метрлік қашықтықты бәрінен бұрын жүгіріп өтіп, жарыс жеңімпазы атанды. Айта кетейік,бұл сынға «Altay athletics» клубының тағы бір өкілі Нора Джеруто да қатысқан болатын. Алайда, Нора бұл жолы үздіктер қатарынан көріне алмады. Жарыс жеңімпазынан сегіз секундқа қалып қойған ол мәре сызығын оныншы болып кесті. Ал сайыста топ жарған Каролин Кипкируи болса, жарыс жолын 8 минут 29 секундта жүгіріп өтті.


Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, «Altay athletics» жеңіл атлетика клубының капитаны әрі лидері Ольга Рыпакова мен тағы бір белді мүшесі Дэйзи Джипкемей «Гауһар лиганың» келесі кезеңдерінде өнер көрсетпек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив