KZ
Өскемен
-3°
туман Штиль
485.04 525.98 5.04

Өскеменде жасотандық жастар кездесу өткізді

4.04.2018, 09:18 152

Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Астана қаласында өткен Жастар қанатының кезекті IV Съезіне қатысқан жерлестерімізбен кездесу болып өтті.


«Жаңа әлемге жол саламыз». Төрт жылда бір рет өткізілетін съездің ұраны осылай аталыпты. Биылғы съезге еліміздің барлық өңірінен 1500-ден аса делегат пен қонақтар қатысыпты. Олардың арасында шығысқазақстандық жастар да бар.


Шараға қатысушылар ғылым, білім, инновация, кәсіпкерлікті дамыту, цифрландыру және саламатты ұлт қалыптастыру ісіне қатысты өзекті мәселелер мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы басым бағыттарды жүзеге асыру барысын кеңінен талқылаған көрінеді. Кездесуде "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас отан" жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Маржан Бақыт және де Оспанов Саяхат пен Айдос Әділбекұлы сынды шығысқазақстандық жастар басқосудан алған әсерлерімен бөлісті. Сондай-ақ, "Елім - тірегім, Жерім - жүрегім" деп ұрандатқан жас отандықтар кездесуде өздерінің алдыға қойған болашақ жоспарларын айтып, міндет- мақсаттарын да жеткізді. Кездесу соңында жасотандықтар кітапхана жастарына ізгі тілектерін айтып, виртуалды көзілдірікті сыйға тартты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив