KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Семейде тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсетілуде

2.04.2018, 08:08 201

Семейдегі табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен азаматтардың мүлкін қалпына  келтіруге байланысты өтініштерді қабылдау басталды.



Өтініштерді қабылдау орындары: Бобровка саяжайы – № 44 мектеп,  Пристань ауданы   -№ 18 мектеп, Мирный кенті -№2 мектеп. Бұл жерде өтініш дегеніміз, кім көмек беремін деп өтінсе, барлығыныкі қабылданады.


-Халық ең көп зардап шеккен Мирный кентінің №2 мектебінде отын-су, көмірге толы 3 камаз міне, жаңа ғана келіп жетті,-деді осы мектептегі штаб жетекшісі Айдар Абдулхамитов, - Тұрғындар азық-түліктері мен киім-кешектері жоқтығын айтқан еді. Семейдегі «Нұр Отан» партиясының филиалы бойынша қазір қайырымдылық көмектер түсіп жатыр. Ал олардың үйлерінің қаншалықты жарамсыз болып қалғандығын анықтау үшін сарапшылар дереу іске кірісіп, жекеменшіктегі баспаналарын аралап жүр.



Соңғы мәлімет бойынша,  №№ 2,18, 29,44,39 мектептер осы зардап тартқан аудандардағы оқушылардың ата-аналарына қажетті киім-кешек пен оқу құралдарын  беретін болды.


Сондай-ақ, Түйемойнақ аралындағы биологиялық орталықта, Пристанда Семей қаласының жастары мен студенттері осы маңайды толып кеткен қоқыс қалдықтары мен апаттан кейін үйіліп қалған заттардан тазалауды қолға алмақ.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив