Трамвай өткелдері неміс технологиясымен жөнделмек
Өскемен қалалық әкімдігінде өткен брифингте шаһар басшысы Қуат Тұмабаев трамвай рельстерімен қиылысатын автокөлік жолдарын осы жазда жөндеуді жоспарлап отырғандарын жеткізді.
Ондағы мақсат – автокөліктердің өткелдерден жылдамдығын азайтпай өтуіне мүмкіндік жасау. Бұл өз кезегінде қаладағы көлік кептелісін азайтуға септеспек.
– Біз көршілес Павлодар қаласында болып, аталмыш мәселені біржолата шешкендерін көрдік. Олар өткелдердегі рельстердің түбіне бетон құйып, үстін темірмен жауыпты. Дәл осындай технологияны Германияның Карлсруэ қаласында болғанда да көргенбіз. Қазір біздің мамандар осы әдісті зерделеп жатыр. Мұндағы көздегеніміз – автомобильдер қазіргідей трамвай жолдарын кесіп өткенде кідірмеуі, секірмеуі тиіс, – деді қала басшысы.
Бұған дейін аталған өткелдерді жөндеу мәселесімен ешкім бас қатырмаған. Жолдарды жөндеу барысында өткелдерге асфальт төселіп, көп ұзамай-ақ күнделікті вибрация әсерінен ол ұшып кететін.
Оқи отырыңыз
Қолға алынған әрбір іс нәтижелі болуы тиісШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев республикалық БАҚ өкілдерімен сұхбаттастыОблыс Әкімі Бердібек Сапарбаев тікелей эфирде есеп бердіӨскеменнің ауасын улап жатқан зауыттар емес, трамвай рельстері екенЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ» атты мақаласы