KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Электрге қосылу қолжетімді ме?

29.03.2018, 12:32 162

Өскеменде халықты электрмен жабдықтау жүйесіне қосу көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған дөңгелек үстел өтті.


Облыстық атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау департаменті өңірдегі электр қуатын өндіруші және таратушы компаниялардың басын қосып, саладағы заңнамалық өзгерістер туралы баяндады.


Департамент басшысы Сәрсенбек Құлбаев жиналғандарға электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу рәсімін жеңілдетуге және электрмен жабдықтау сапасын арттыруға бағытталған заңнамалық өзгерістер туралы айтты.


«Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» деңгейін анықтайтын рейтинг бойынша Өскемен елдегі 8 қаланың ішінде төртінші орында тұр. Ал жалпы Қазақстан осыған ұқсас халықаралық рейтингтер бойынша екі жылдың ішінде ондаған орын алға жылжыған екен. Оған Екібастұз-Семей-Алматы бағытындағы жоғары кернеулі электр желісінің тартылуы да септігін тигізіпті.


Дөңгелек үстелде «KEGOC», «ШҚ РЭК», «Шығысэнерготрейд» сияқты сала алпауыттары мен шағын компания өкілдері сөз алды. Өңірді электрмен қамту сапасын арттыру үшін шағын компаниялар мен монополис кәсіпорындарға теңдей жағдай жасау қажеттігі айтылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив