KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Семейдегі су тасқынына не себеп болды?

29.03.2018, 02:00 243

Семейдегі ахуалға байланысты қала әкімінің азаматтық қорғаныс, мобильді дайындық және төтенше жағдайлар бойынша көмекшісі Берік Түсіпов, түсініктеме берді. Ресми мәліметке сәйкес, Ертіс өзенінің тасуына Шүльбі ГЭС-да су қорының нормадан артық жиналуы себеп болған.


- Таңғы уақытта Ертістегі судың деңгейі 4 метр, 84 см-ді құрады. 4, 50 см-дің өзі қауіпті норма болып есептеледі. Күннің күрт жылынуы бұған өз әсерін тигізбей қоймады. Осының салдарынан барлық еріген су Ертіске жиналған. Мұндай жағдайда ГЭС өкілдері суды еріксіз жіберуге мәжбүр. Өйткені өздерінеде қауіп төнді. Оларда қауіпті деңгейдің өз нормалары бар. Арнайы сараптама жасадық. Бұл 40 жылда болмаған құбылыс. Тұтастай айтар болсақ, аралдағы екі тұрғын үйді су басты. Қалған үйлерге су келген жоқ. Енді келмейді деп ойлап отырмыз. Бірақ барлық тұрғындарды конақүйлерге орналастырдық. Аралда 134 адам тұрады. Баспаналардың саны 32. Сол 134 адамның ішінде 97-сі эвакуацияланды. Кейбірі әлі жұмыстарында. Түні бойы мониторинг жүргізілді. Бір 20 минуттың аралығында орын алған оқиға. Алайда біз бұған дайын болдық. Барлық іс-қимыл шұғыл түрде орындалды. Шығын мөлшерін азайтуға барынша күш жұмсалды, - деді Берік Түсіпов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Ертіс өзені мен Семипалатинка тоғанында су арнадан асып, Түймойнақ аралы, Шығыс және Мирный кенттеріне су басу қаупі туындаған еді. Мобильді әрекеттің нәтижесінде 100-ге тақау адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Қазір қарт Ертістегі мұз кептелісін реттеу үшін жару жұмыстары қолға алынбақ. Бұл іске «Востоквзрывпром» ЖШС тартылатын болады. Анықталғандай, Ертіс бассейн инспекциясына бағынышты Шүльбі ГЭС, секундына жіберілуі тиіс 500 текше метр судың мөлшерін 1800-ге дейін арттырыпты. Соның салдарынан арынды өзен қаһарлы мінезін танытқан-ды. Енді қос мекеме осы істері үшін аймақ басшысының алдында жауап бермек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив