KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 3 м/с, ОБ
443.35 475.54 4.82

ШҚО-да бос орындарға мәслихат депутаттары сайланды

28.03.2018, 04:00 140

«Нұр Отан» партиясының мүшелері Зүлфия Жамалтдинова Семей қалалық мәслихатының депутаты, ал Ирина Лыкова Зырян ауданындық мәслихатының депутаты атанды.


25 наурызда Семей қаласы мен Зырян ауданында шығып кеткен мәслихат депутаттарының орнына сайлау өтті.


Семей қаласы №23 сайлау округінің шамамен 5 жарым мыңдай дауыс берушісі қалалық мәслихат депутаттағына үш кандидаттың ішінен «Нұр Отан» партиясының өкілі Зүлфия Жамалтдинованы сайлады. Ал Зырян ауданындағы №10 сайлау учаскесінде 3 мың астам адам дауыс берді. Онда да үш кандидаттың арасынан көпшілік таңдауы «Нұр Отан» партиясының мүшесі Ирина Лыковаға түскен.


Атап өтерлігі, сайлау барысында комиссия тарапынан өрескел бұзушылықтар анықталмаған. Саяси науқан еліміздің «Сайлау туралы» Конституциялық заңына және сайлау заңнамасының нормаларына сәйкес өткен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив